Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі "Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтық базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" №26 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 қазандағы № 202 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қазанда № 6447 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі "Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтық базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" № 26 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-5-183 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2012 жылғы 29 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезекті 25-сессиясының төрағасы
Д.Буханов
      Қармақшы аудандық мәслихатының
хатшысы
М.Наятұлы
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы Қ.Сүлейменов
"01" қазан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады