"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4737 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2014 жылғы 5 тамызда жарияланған);
2) "Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы №187 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 243 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4923 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2015 жылғы 25 сәуірде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясының төрағасы |
Н.Пірмантаев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Наятұлы |