Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 28.12.2018 № 223 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Отын сатып алу үшін әлеуметтiк көмек көрсету туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4737 нөмірімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 50 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "денсаулық сақтау" деген сөз алынып тасталынсын.
Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қармақшы аудандық | Қармақшы аудандық |
мәслихатының кезектен тыс | мәслихатының хатшысы |
36-сессиясының төрағасы | |
Н. Пірмантаев | М. Наятұлы |