Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 28.12.2018 № 223 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қармақшы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық | |
мәслихатының кезекті | |
28-сессиясының төрағасы | Ә. Дәуленбаев |
Қармақшы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Наятұлы |