Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 22.02.2019 № 37-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және “Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі № 13-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5915 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 8 тамызда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін.
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 8тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
“4) Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.”.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 21-сессиясының төрағасы |
А. БЕКЖАНОВ |
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы |
М. ЕСПАНОВ |