Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 09.12.2022 № 16/182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 576-бабы 8-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 09.12.2022 № 16/182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 09.12.2022 № 16/182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2953 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3150 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің 1 тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Клинчев |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Трұмов |
"КЕЛIСIЛДI"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі мемлекеттік кірістер
комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.Б. Тілегенов
"20" 03 2018 жыл
"Қазақстан республикасы Энергетика
Министрлігінің Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша
экология департаменті" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
Р.К. Тукенов
"20" 03 2018 жыл
"Маңғыстау облысының
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысының
уақытша міндетін атқарушы
Д.Т. Құсбеков
"20" 03 2018 жыл
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/211 шешіміне қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 09.12.2022 № 16/182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиді | 200 |
5. | Азот диоксиді | 200 |
6. | Күйе | 240 |
7. | Күкіртсутек | 1 240 |
8. | Меркаптан | 199 320 |
3. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
4. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1340 |
2. | Мырыш | 2680 |
3. | Мыс | 26804 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
5. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с № | Қалдықтардың түрлері |
Төлемақы мөлшерлемелері | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар | ||
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,38 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,002 | |
1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1. | трансуранды | 0,76 | |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | 0,38 | |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | 0,04 | |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
6. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.