Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 20.03.2018 № 17/211 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 495-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Ибағаров |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |
"КЕЛIСIЛДI"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Б. Тілегенов
10 желтоқсан 2015 жыл
"Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі
экологиялық реттеу, бақылау және
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша
экология департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Қ. Умаров
10 желтоқсан 2015 жыл
"Маңғыстау облысының
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.О. Сағынбаев
10 желтоқсан 2015 жыл
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 шешіміне қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар
үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт тотықтары | 20 | |
2. | Азот тотықтары | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосындылары | 3986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі тотықтары | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет | Ластағыш заттардың түрлері |
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |
3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1340 |
2. | Мырыш | 2680 |
3. | Мыс | 26804 |
4. | Оттегіне биологиялық сұраныс | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,38 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 14 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 8 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 2 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,9 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,026 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,002 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,76 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
5-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
6. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссиялар көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарына осы шешімде белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:
1-тармақта – 0,3 коэффициенті;
4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
5-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05 коэффициенті.
2) тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондарға 5-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.
7. Осы шешімнің 6-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
8. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленген төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 23.02.2017 № 7/98 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту: АЕК – айлық есептік көрсеткіш.
Ескерту. Қосымша Ескертумен толықтырылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 23.02.2017 № 7/98 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).________________________________________________