Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары бекітілсін.
2. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/94 "Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3319 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 сәуірде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
3. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Дәрменов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Трұмов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысы энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.Х. Аманбеков
"30" 05 2018 жыл
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/231 шешіміне қосымша |
Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10234 болып тіркелген) негізінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешені объектілерін жылыту маусымына дайындау және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді.
3. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдары мен мекемелері тұтынушыларды жылу, су, электр, газ, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы қалыпты температуралық режимді, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.
4. Облыста жылыту маусымына дайындау және оны өткізуді жалпы үйлестіру, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген жылыту маусымына дайындау мен оны өткізу жөніндегі облыстық штабымен жүзеге асырылады.
5. Қалалар мен аудандардың жылыту маусымына дайындалу мен өткізуді үйлестіруді, қала және аудан әкімдіктерінің қаулысымен бекітілген қалалық және аудандық штабтар (бұдан әрі – қалалық, аудандық штаб) жүзеге асырады.
6. Алдағы жылыту маусымында облыс өңірлерінің инженерлік-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылыту маусымына дайындық жоспары) ұсыну тәртібі:
1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жылыту маусымына дайындық жоспарларын ұсынады;
2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылыту маусымына дайындық жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;
3) қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылыту маусымына дайындықтың бірыңғай жоспарларын жыл сайын 15 мамырға дейін "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жинақ үшін ұсынады.
7. Жылыту маусымына дайындық жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:
1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындарымен қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын дүйсенбі күні;
2) қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары өз өңірі бойынша жинақ есепті – "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне апта сайын сейсенбі күні;
3) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыс бойынша жинақ есепті әр аптаның сәрсенбі күні – Маңғыстау облысының әкімдігіне ұсынады.
8. Жылыту маусымына дайындық кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмағанда есепке:
1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;
2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;
3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.
2. Жылыту маусымына дайындық
9. Жылуды тұтыну жүйелерінің жай-күйіне және қызмет көрсетуіне тұтынушылар мен энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе тараптардың келісімі бойынша анықталады.
10. Сенімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы:
1) тұтынылған жылу энергиясы үшін уақытылы ақы төлейді;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың қызметкерлерін түсіру крандарын, арматураларды, жылу энергиясын есептеу желісіне дейін орналасқан бақылау-өлшеу құралдарын пломбалауды жүргізуі үшін жібереді және қойылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етеді, ал оларды алып тастауды энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабарландыру арқылы жүргізеді;
3) жылу тұтынудың тапсырылған режимдерін сақтайды;
4) жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін, энергия беруші (немесе энергиямен жабдықтаушы) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерін жылу желілерінің, жылу тұтыну қондырғылары мен коммерциялық есепке алу құралдарының техникалық жай-күйін тексеруге жібереді;
5) әр жылыту маусымының алдында жылуды тұтынатын қондырғыларды қабылдау-тапсыру (техникалық дайындығы техникалық актіде қарастырылған техникалық) сынау және жылу тұтыну қондырғыларының жөндеуін өткізеді.
11. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым мынадай жағдайларда:
1) жылумен жабдықтау шартында белгіленген мерзімдерде пайдаланылған жылу энергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;
2) жылу желісіне жаңа қуаттар мен қосалқы тұтынушыларды өз бетімен қосқанда;
3) жылу тұтыну жүйелерін коммерциялық есепке алу құралдарына дейін қосқанда;
4) энергиямен жабдықтаушы ұйымның келісімінсіз шартта көрсетілген есептік жылу жүктемелері мен шарттық режимнен асыра қолданғанда;
5) егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шартта көзделген конденсат көлемінің 30 %-ынан кемін қайтарғанда;
6) жылу тұтыну жүйесіне қызмет көрсету үшін тиісті біліктілігімен персонал болмағанда (жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыларды қоспағанда);
7) жергілікті атқарушы органдардың ұйғарымдарын белгіленген мерзімдерде орындамағанда;
8) осы Қағидалардың техникалық талаптарын бұзғанда;
9) жылу тұтынатын жүйелерге және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарына жергілікті атқарушы органдар мен энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның өкілдерін жібермегенде;
10) апаттық жағдайда;
11) күзгі-қысқы кезең жұмысына тұтынушыны жылу желілері мен жылу тұтынушы қондырғыларға техникалық дайындығы актісі болмағанда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосқанда тұтынушыға жылу энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.
12. Өз желісіндегі апаттың алдын алу немесе оны жою жөнінде шұғыл шаралар қолдану үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым, апатты алдын алу және жою бойынша шұғыл шараларды қабылдауға, тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым толық бермеген жылу үшін қайта есептеумен, оны міндетті ескертумен тұтынушының жылу тұтыну жүйесін уақытша ажыратады.
13. Жылу көздері мен жылу желілерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын өткізу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
14. Жылу көздері мен жылу желілерін қайта құрылымдау және күрделі жөндеу жұмыстары жылытуаралық кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу энергиясын пайдалануға арналған шарттың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.
15. Қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін, қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
16. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстар мынадай мерзімдерде:
1) күзгі кезеңдегі жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілерін – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;
2) ең үлкен жүктелімінің қысқы өту кезеңінде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілерін – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау ұсынылады.
Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
17. Отын резервті шаруашылығын жоспарлы-ескертпе жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.
18. Күзгі-қысқы кезеңде газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін отынның пайдалану қорының нормасы, оларда қатты отын және (немесе) мазут:
1) авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
2) резервті отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
19. Жылу энергиясын алу-сату энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдардың жылу желілеріне қосылған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасасылған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Жылу энергиясын қолдану барысында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және тұтынушылар арасындағы туындайтын даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртіппен шешіледі.
20. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға алдағы жылыту маусымдарына жылу тұтынатын құрылғылардың және жылу желілерінің техникалық дайындығына акті алу үшін жуу, сығымдау және жөндеу актілерін ұсынады.
21. Жылумен жабдықтау көздері, жылу пункттері, жылу желілері және жалпы жылумен жабдықтау ұйымдарының жылыту маусымына дайындығы қалалық және аудандық штаб отырысында анықталады.
22. Жылумен жабдықтау көздерінің дайындығы мына шарттар кезінде расталады:
1) негізгі және қосалқы жабдықтардың жоспарлы жөндеуін орындау;
2) жылу желілері мен жылу көздерінің есепті режимдегі жұмысқа дайындығы;
3) электрмен жабдықтаудың резервті көздерін сынау;
4) ғимараттар мен жұмыс орындарын жылыту, жылыту және жарықтандыру бойынша барлық жұмыстарының аяқталуы;
5) сыртқы ауа температурасының төмен болуы жағдайында жабдықтардың, технологиялық сызбалардың және құрылыстардың зақымдалуының алдын-алу бойынша іс-шараларды орындау;
6) релейлі қорғаныс және апатқа қарсы автоматика құрылғыларын тексеру жоспарларын орындау;
7) жұмыс орындарын оқытылған және аттестатталған қызметшілермен жасақталуы;
8) жылумен жабдықтау көздеріне арналған жобаға сәйкес негізгі отын қорларын және резервті отын қорларын құру бойынша жоспарды орындау, резервті отын шаруашылығын жұмысқа дайындау бойынша кешенді жұмыстарды өткізу;
9) техникалық куәландыру және жабдықтарды сынау актісін алу;
10) жыл сайын 1 қазанға дейін күзгі-қысқы кезеңдегі кезекті жұмысқа объектілер мен жабдықтардың жылыту маусымына әзірлік паспортын алу.
Салынған, тапсырыс берушілермен (тұтынушылармен) және жылумен жабдықтаушы ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған қазандықтар, жылу желілері, жылу пунктері, сорғы станциялары, орталық жылу жүйелерін жылыту маусымына дайындау және жаңа үйлерді ыстық сумен жабдықтауды құрылыс (мердігер) ұйымдары қамтамасыз етеді.
23. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлік желілерін дайындау бойынша ұйымдастыру іс-шаралар тізбесіне мыналар жатады:
1) инженерлік желілерді пайдаланылуына жауапты тұлғаны тағайындау;
2) инженерлік желілерді пайдалануына жауапты тұлғаларды дайындау: энергиямен жабдықтау ұйымдары өкілінің міндетті түрде қатысуымен, инженерлік желілерді техникалық пайдалану ережелерін, инженерлік желілерді пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін оқыту және білімін тексеруді жүргізу;
3) техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындау;
4) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есептеу құралдарының тексеруін өткізу;
5) жертөле және шатыр жайларының шегінде барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларының жылу оқшаулауын орындау;
6) кіреберістер мен жертөлелердің сыртқы есіктерін жөндеу;
7) шатырлар мен жертөлелердің терезелерін жабу;
8) баспалдақ алаңындағы терезелердің қос шынылануын қалпына келтіру (бар болған жағдайда);
9) әр қабаттағы жылуды қалпына келтіру және жұмыстарға қосу;
10) тұрғындардың пәтерлерін жылу тығыздағышпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
11) жылу пунктінің үй-жайларын жөндеуден өткізу: ақтау, сырлау, қажетті жарықтандыруды және берік бекітілуін қамтамасыз ету;
12) сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру;
13) жылу пайдаланушы қондырғылардың орнатылған барлық тиекті, реттеуші арматураларды тексеруден және жөндеуден өткізу;
14) техникалық термометрлерді тексеру, кейіннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазарту;
15) реттеу іс-шараларын өткізу;
16) пломбыланған, тексерілген монометрлерді орнату;
17) жылуды тұтыну жүйесінің элементтерін механикалық тазарту арқылы гидропневматикалық жуу және жылуды тұтыну жүйесінің барлық элементтерінің механикалық беріктігін және жылуды тұтыну жүйесінің гидравликалық тығыздығын (гидравликалық қысым) гидравликалық сынақтан өткізу белгіленген үлгі бойынша акт жасалып, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;
18) ғимараттардың (үйлердің) электр сымдары оқшауларының кедергілерін тексеру;
19) дроссельдік құрылғыларды орнату және тексеру нормативтік-техникалық құжаттамаға және алынған есептеулерге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;
20) жертөледегі және шатырдағы жайлардағы барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларын гидрооқшаулауды орындау.
24. Транзитпен инженерлі коммуникациялар өтетін жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе иесі пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын орындау және қызмет көрсету үшін еркін қол жеткізуін (апатты-қалпына келтіру жұмыстарын өндіру үшін тәуліктің кез-келген уақытында) қамтамасыз етеді.
25. Жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың қыс жағдайына дайындығы жылыту маусымы басталғанға дейін ресімделетін жылумен жабдықтаушы ұйым объектілерінің әзірлігін тексеру актілері және үйлер мен үйіші жүйелерін көктемгі және күзгі тексеру нәтижесі бойынша ресімделген көп пәтерлі үйлерді тексеру актілері негізінде әзірлік паспорттарымен расталады.
26. Жұмыстар орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйесін қабылдау жылумен жабдықтаушы ұйыммен жүзеге асырылады және техникалық дайындық актісімен ресімделеді.
Техникалық дайындық актісі бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылыту маусымына дайындалмады деп есептеледі және қайтадан техникалық тексеруден өтуге жатады.
Жылумен жабдықтаушы ұйыммен объектінің техникалық дайындық актісі ресімделмесе, жылу тұтыну жүйесін қосуға жол берілмейді.
27. Егер энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жылу энергиясын тұтынушыларын жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға жол берілмейді.
Жылу энергиясын тұтынушы қасиеті және ұсыну режимі тұтынушымен жылыту маусымына дайындық және энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдармен берілген техникалық дайындық актісінің ресімделуі және сараптама ұйымының қорытындысын алу бойынша іс-шаралар кешенін орындау жағдайында, жоспарлы жөндеу, апатты – қалпына келтіру жұмыстары жағдайын қоспағанда, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамамен бекітілген талаптарға сәйкес келеді.
3. Жылумен жабдықтау жүйесін байқап көру
28. Жылыту маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерінің дайындығын тексеру және жасырын ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру жүргізіледі.
29. Жылу көздері қондырғыларын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу мына тәртіпте жүргізіледі:
Жылу көздері мен ғимараттардың қондырғыларын қосу үшін:
1) бірінші тәулікте:
жылу көздерінде жылу жабдықтарының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта іске қосу және байқап көру, бактарды-аккумуляторларды мүмкіндігінше барынша толтыру, жылу желілерін сумен толтыру және берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату бойынша жұмыстар орындалады;
үйішілік жүйелерде арматураның іске қосу жағдайына орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, сенімді бақылау -өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөнінде жұмыстар жүргізіледі;
2) екінші тәуліктен бастап кестеге сәйкес қатаң түрде ғимараттарды қосу жүргізіледі.
30. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.
Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскесі жабдықтарының жарамдылығы тексеріледі, сынау, шаю және қабылдау актілері қаралады.
31. Байқап көру үрдісінде жылу желілері, жылумен жабдықтау көздері және тұтынушылар бойынша анықталған ескертулер жылыту маусымының басына дейін жойылады.
4. Жылу режимі
32. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жылумен жабдықтау жүйелерін сынау, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық параметрлерінің есептік кестелерін әзірлеу және келісілу ұсынылады. Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес белгіленген параметрлерде жылу тасығышты-су және бу беруді қамтамасыз етеді.
Қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталады:
1) бала, емдік және мектеп мекемелері, басқа оқу орындары;
2) тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;
3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар.
Бір уақытта толтырылатын үйішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз сумен қамтылуын, су дайындау және сіңдіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.
33. Үш тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8°C және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болғанда қала мен аудан әкімдері тиісті өкіммен жылыту маусымының басталғандығын жариялайды.
34. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйін тексеруін және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін өткізеді.
35. Пайдалану үрдісінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылыту маусымының басталуына дейін жойылады.
36. Жылыту маусымы кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес мынаны қамтамасыз етеді:
1) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді барлық тұтынушылар үшін тең жағдайларды ұсыну;
2) жылу желілерінің баланстық тиесілігі бөлігінің шекарасында Шартпен белгіленген жылу энергиясының параметрлерін қалпында ұстайды;
3) тұтынушымен жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасасады;
4) тұтынушыға Шарт талаптарымен анықталған тәртіпте және мерзімде тиісті сапада жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетеді.
37. Жылыту маусымы жарияланғаннан кейін:
1) хабарландыру сызбасы нақтыланады, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінің жауапты қызметкерлердің кезекшілігі белгіленеді;
2) кәсіпорындарда апатты-қалпына келтіру бригадалары дайындыққа келтіріледі;
3) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерімен ғимараттың жылу тасығыш жүйесі жұмысының және тығыздап жылылаудың жай-күйін мезгіл-мезгіл тексеру және бақылау ұйымдастырылады;
4) жылумен жабдықтау көздерінде резервтегі және апатты жабдықтардың жұмысы, негізгі және резервтегі отынның, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі;
5) мамандандырылған ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған, жаңа үйлердің жылу желілерін, орталық жылу пункттерін, сорғы станцияларын, орталық жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылыту маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді;
6) инженерлік коммуникацияларға барлық қажетті қосылулар тиісті жылдың 1 қазанына дейін орындалады. Жылыту маусымы кезеңінде инженерлік коммуникацияларға тесіп қосылуға жол берілмейді.
38. Жылу көздерінде және жылу желілерінде апатты жағдай жарияланса:
1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешенінің объектілерінде тәулік бойы үздіксіз кезекшілік енгізіледі;
2) қала мен аудан әкімдерінің өкімі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген көмекші апатты қалпына келтіру бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.
39. Күшейтілген және есептеуден тыс режимдері кезіндегі ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметшілерінің қажетті іс-шаралары мен әрекеттері ұйымдардың тиісті әдістемелерінде көрсетіледі.
Жылу желілері зақымдалған аймақта орналасқан инженерлік желілер мен коммуникациялардың меншік иелері, телефонхат алған кезде, жер жұмыстарын орындауды келісу үшін өз өкілдерінің бір сағаттың ішінде баруын қамтамасыз етеді.
5. Жылыту маусымының аяқталуы және жылуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету
40. Үш тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8°C және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасы күрт көтерілуі туралы болжам болған кезде қала мен аудан әкімдері тиісті өкіммен жылыту маусымының аяқталғандығы туралы жариялайды.
41. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.
42. Жылуаралық кезеңде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілерінің жабдықтары жұмысының бекітілген сызбасы бойынша, ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етеді. Теңгерімдік тиесілігі шекарасына берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норма талаптарына сай келеді. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерінде жылу желілерін, жабдықтарды жөндеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үйішілік жүйелерді дайындау үшін қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді.
43. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді бір мезгілде 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуына байланысты жөндеудің ұсынылатын мерзімі 14 күнтізбелік күн.
44. Осы Қағидалармен реттелмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алу қажет.
6. Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік
45. Қағидаларды бұзғаны үшін қызмет берушілер мен тұтынушылардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.