Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/94 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 3319 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/231 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 30.05.2018 № 19/231 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Ғұбашов
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қаласы әкімінің

      міндетін атқарушы

      Ө.С. Бисақаев

      "23" 02 2017 жыл

      "Ақтау электр желілері басқармасы"

      мемлекеттік коммуналдық

      кәсіпорнының директоры

      А.Л. Қабдолғалиев

      "23" 02 2017 жыл

      "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік

      коммуналдық кәсіпорнының директоры

      Б.М. Шапқан

      "23" 02 2017 жыл

      "ҚазТрансГазАймақ" акционерлік

      қоғамының Маңғыстау өндірістік

      филиалының директоры

      А.Ж. Қисембетов

      "23" 02 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігінің Табиғи

      монополияларды реттеу және

      бәсекелестікті қорғау комитетінің

      Маңғыстау облысы бойынша департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      С. Сихымбекұлы

      "23" 02 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің

      Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар

      департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Қ.Б. Базарбаев

      "23" 02 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы Энергетика

      министрлігінің Атомдық және энергетикалық

      қадағалау және бақылау комитетінің

      Маңғыстау облысы бойынша аумақтық

      департаменті"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ш.М. Есенғалиев

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау атом энергетикалық

      комбинаты-Қазатомөнеркәсіп"

      жауапкершілігі шектеулі

      серіктестігінің бас директоры

      Қ.А.Әбдірәсілов

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының білім басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      З.Ж. Тастемірова

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      К.А. Оралбаева

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының дене

      шынықтыру және спорт басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.К. Байжанов

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының жолаушылар

      көлігі және автомобиль жолдары

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      А.Б. Көшербаев

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының мәдениет

      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Т. Базарбаев

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау облысы энергетика және

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.Х. Аманбеков

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау электртораптық

      бөлу компаниясы" акционерлік қоғамының

      Басқарма төрағасының

      міндетін атқарушы

      Ж.Б. Сағымбеков

      "23" 02 2017 жыл

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2017 жылғы 23 ақпандағы
  № 7/94 шешіміне
қосымша

Маңғыстау облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 "Электр және жылу желілерін күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11011 болып тіркелген), 2015 жылғы 2 ақпанындағы № 55 "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10516 болып тіркелген), 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 "Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14033 болып тіркелген) бұйрықтары негізінде әзірленген және жылыту маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Қағидалар жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешені объектілерін жылыту маусымына дайындау және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді.

      3. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын ұйымдары мен мекемелері тұтынушыларды жылу, су, электр, газ, отынмен жабдықтау және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы нормативті температуралық режимді, олардың белгіленуі мен энергия тұтынудың төлемдік тәртібін ескере отырып қамтамасыз етеді.

      4. Облыста жылыту маусымына дайындау және оны өткізуді жалпы үйлестіру, облыс әкімінің өкімімен бекітілген жылыту маусымына дайындау мен оны өткізу жөніндегі облыстық штабымен жүзеге асырылады.

      5. Қалалар мен аудандардың жылыту маусымына дайындық пен оны өткізуді үйлестіруді, қала және аудан әкімдерімен бекітілген қалалық және аудандық штабтар (бұдан әрі – қалалық, аудандық штаб) жүзеге асырады.

      6. Алдағы жылу маусымында облыстың өңірлерінің инженерлік-энергетикалық кешенін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы жағдайларда жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі – жылыту маусымына дайындық жоспары) ұсыну тәртібі:

      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар жыл сайын, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жылыту маусымына дайындық жоспарларын ұсынады;

      2) қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған жылыту маусымына дайындық жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді;

      3) қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылыту маусымына дайындықтың бірыңғай жоспарларын жыл сайын 15 мамырға дейін "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жинақ үшін ұсынады.

      7. Жылыту маусымына дайындық жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады:

      1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешенге жататын кәсіпорындарымен қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын дүйсенбі күні;

      2) қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдары өз өңірі бойынша жинақ есепті – "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне апта сайын сейсенбі күні;

      3) "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыс бойынша жинақ есепті әр аптаның сәрсенбі күні – Маңғыстау облысының әкімдігіне ұсынады.

      8. Жылыту маусымына дайындық кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмағанда есепке:

      1) орындалмау себептері көрсетілген анықтама;

      2) ахуалды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;

      3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі.

2. Жылыту маусымына дайындық

      9. Жылыту маусымы дайындығына:

      1) өткен жылу маусымында анықталған ақауларды талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу және орындау;

      2) жылыту маусымына дайындық жоспарларын әзірлеу;

      3) мердігер ұйымдарымен қаржыландыру және шарттар жасасу, жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

      4) жылумен жабдықтау көздері және орталық жылу пункттерінде қажетті жөндеу жұмыстарын өткізу, оның ішінде қазандықтар, түтікшелер, құбырларды қарау және сынап білу;

      5) жылу желілері жұмысының жылуды беру және гидравликалық режимінің кестесін әзірлеу;

      6) инженерлік желілерде, оның ішінде жаңартумен, күрделі және ағымдағы жөндеулер, сынаулар және шаюмен байланысты жұмыстарды орындау;

      7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде алдын-ала қарау, жоспарлы жөндеулерді орындау;

      8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің алдын-ала қаралуы, жөнделуі және қондырғылардың ауыстырылуы бойынша жұмыстарды өткізу;

      9) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттарды және табиғи апат салдарын жою үшін негізгі және резервті отынның нормативтік қорларын, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарының апатты қорларын құру;

      10) отын қоймаларын дайындау, резервтік отын шаруашылықтардың инженерлік жабдықтарының, отын дайындау, отын беру, қоқыс және күлдерді жою жүйелерінің, темір жол және автомобиль кіреберіс жолдарының, өртке қарсы шаруашылықтың жөнделуін орындау жатады.

      10. Пәтер иелерінің кооперативі, үй-жай иелерінің кооперативі, кондоминиум объектілерін басқару органдары:

      1) жылумен жабдықтау бойынша қызметтер арқылы көрсетілетін үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстар, пайдалану жауапкершілігі бөлігі шегінде ортақ үйлік жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) ортақ үйлік қажеттілік үшін пайдаланылатын жылумен жабдықтау бойынша қызметтердің тиімді тұтынылуын қамтамасыз етеді, үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарда шығындарды болдырмайды;

      3) жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетушіге жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетушімен орнатылған пломбалардың тұтастығының бұзылу жағдайлары туралы хабарлайды;

      4) үйішілік инженерлік желілерде және құрылыстардағы зақымдарды өз күшімен жояды;

      5) жергілікті атқарушы органдардың, энергия беруші (немесе энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлеріне тәуліктің кез келген уақытында жылу желілерінің, жылуды тұтыну қондырғыларының және коммерциялық есептеу құралдарының техникалық жағдайын қарауға мүмкіндік береді;

      6) үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық күйде ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тараптарды тартады, сервистік қызмет субъектісімен шарттарды жасасады және орындалуын бақылайды;

      7) үй-жай (пәтер) иелерімен жиналыстар, жазбаша сауалдарды өткізуді ұйымдастырады;

      8) барлық пәтер (үй-жай) иелері үшін барлық қолжетімді орындарда, ақпарат тақталарында үй-жай, сондай-ақ ортақ мүлікке қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы, сондай-ақ жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуші ұйымдар (атауы, байланыс телефондары, апатты қызметтердің телефондары) туралы ақпараттың орналастырылуын қамтамасыз етеді;

      9) кондоминиум объектісінің санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      10) апатты жағдайлардың туындау жағдайларынан басқа, пәтер (үй-жай) иелерін инженерлік желілер жұмысы режимінің сөндірілуі, сыналуы немесе басқа да өзгерістері туралы екі тәулік бұрын хабарлайды.

      11. Жылу желілерінің күзет аймағы шекарасындағы иеліктерінде осы желілер орналасқан ұйымдардың жазбаша келісімінсіз:

      1) кез-келген объектілер мен құрылыстарда құрылыс, монтаждау және жер жұмыстарын жүргізуге;

      2) тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға, әртүрлі алаңдар, автомобиль көліктерінің тұрақтарын жасауға, әртүрлі материалдармен желілерді қаптауға;

      3) қоршаулар мен шарбақтар салуға;

      4) ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты іздестіру және басқа да жұмыстар жүргізуге;

      5) жол немесе жер бетінен жалпы биіктігі 4,5 метрден жоғары жүгі бар немесе жүксіз машиналар мен механизмдердің өтуіне (эстакадтарда автожолдар астында төселген жерүсті құбырларының астында) жол берілмейді.

      Жылу желілерінің күзет аймақтарының темір жол және автомобиль жолдары тармақтарының алқаптарымен, басқа құбырлардың күзет аймақтарымен, байланыс, телекоммуникациялар желілерімен және басқа объектілерімен түйісуі кезінде түйісу аумақ учаскелерінде осы объектілерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды өткізу мүдделі ұйымдармен олар арасында келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Жылу желілерінің және оның маңындағы күзет аймақтарындағы ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар, оның қарамағында жылу желілері тұрған ұйымдар қызметкерлерінің жылу желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайларды болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды.

      12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде апаттарды жою апатты жағдайларды жою тәртібіне сәйкес және жылумен жабдықтаушы, жылу беруші және жылу тұтынушы ұйымдар, жөндеу-құрылыс, көлік ұйымдары және басқа қызметтердің өзара іс-әрекетінің регламенті ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      13. Жылу желілерін пайдаланушы ұйымдар осы желілердің қорғау аймақтарында электр және жылу жүйелерін күзету қағидаларының талаптарына сәйкес жылу желілерін жөндеу үшін қажетті жұмыстарды жүргізеді.

      Жылу желілеріндегі апаттардың алдын-алу немесе олардың салдарын жою бойынша жұмыстар жылдың кез-келген уақытында жер пайдаланушылардың келісімісіз, бірақ осы жұмыстарды өткізу туралы ескерте отырып жүргізіледі.

      Аталған жұмыстарды орындағаннан кейін, иелігінде жылу желілері бар ұйымдар белгіленген мақсатта қолданылу үшін жер учаскелерін жарамды күйге келтіреді.

      Жұмыстар аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым барлық механизмдерді, материалдарды, уақытша белгілерді, конустарды, тосқауылдарды алып тастайды, жол жабынын және жолдың инженерлік жайығысымын қалпына келтіреді.

      Жолдарда орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдау жол органдарымен мердігер ұйымының қатысуымен жүзеге асырылады және екі жақты актімен ресімделеді.

      14. Жылу көздері мен жылу желілерін пайдалану және жөндеу жұмыстарын өткізу қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Жылу көздері мен жылу желілерін қайта құрылымдау және күрделі жөндеу жұмыстары жылытуаралық кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу энергиясын пайдалануға арналған шарттың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады.

      16. Жылумен жабдықтау көздерін және жылу желілерін жоспарлы жөндеу, сондай-ақ жылу желілерінің сынауларын өткізу жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде жұмыстар мынадай мерзімдерде:

      1) күзгі кезеңдегі жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілерін – жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде;

      2) қысқы барынша жүктелімнің өту кезеңінде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажеттілерін – жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау ұсынылады.

      Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз етуші электр, су құбырлы және газ коммуникацияларын жөндеу және алдын-ала қарау жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      18. Отын резервті шаруашылығын жоспарлы-ескертпе жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау ұсынылады.

      19. Күзгі-қысқы кезеңде газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін отынның пайдалану қорының нормасы, оларда қатты отын және (немесе) мазут:

      1) авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;

      2) резервті отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.

      20. Тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы жылу пайдалану жүйелерінің күйі мен қызмет көрсету жауапкершілігінің шегі, олардың баланстық тиесілігі немесе келісім бойынша анықталады және жылумен жабдықтауға арналған шартқа қоса берілген тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісінде тіркеледі.

      21. Жылу желілердің құбырлары пайдалануға енгізгенге дейін монтаждалуы, күрделі жөнделуі мен жаңартылудан кейін гидропневматикалық жууға, сығымдауға және дезинфекциялауға тартылады.

      22. Жылумен жабдықтау көздері, жылу пункттері, жылу желілері және жалпы жылумен жабдықтау ұйымдарының жылыту маусымына дайындығы қалалық және аудандық штаб отырысында анықталады.

      Жылумен жабдықтау көздерінің дайындығы мына шарттар кезінде расталады:

      1) негізгі және қосалқы жабдықтардың жоспарлы жөндеуін орындау;

      2) жылу желілері мен жылу көздерінің есепті режимдегі жұмысқа дайындығы;

      3) электрмен жабдықтаудың резервті көздерін сынау;

      4) ғимараттар мен жұмыс орындарын жылу, жылылау және жарықтандыру бойынша барлық жұмыстарының аяқталуы;

      5) сыртқы ауа температурасының төмен болуы жағдайында жабдықтардың, технологиялық сызбалардың және құрылыстардың зақымдалуының алдын-алу бойынша іс-шараларды орындау;

      6) релейлі қорғаныс және апатқа қарсы автоматика құрылғыларын тексеру жоспарларын орындау;

      7) жұмыс орындарын оқытылған және аттестатталған қызметшілермен толықтырылуы;

      8) жылумен жабдықтау көздеріне арналған жобаға сәйкес негізгі отын қорларын және резервті отын қорларын құру бойынша жоспарды орындау, резервті отын шаруашылығын жұмысқа дайындау бойынша кешенді жұмыстарды өткізу;

      9) техникалық куәландыру және жабдықтарды сынау актісін алу;

      10) жыл сайын 1 қазанға дейін күзгі-қысқы кезеңдегі кезекті жұмысқа объектілер мен жабдықтардың жылыту маусымына әзірлік паспортын алу.

      Салынған, тапсырыс берушілермен (тұтынушылармен) және жылумен жабдықтаушы ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған қазандықтар, жылу желілері, жылу пунктері, сорғы станциялары, орталық жылу жүйелерін жылыту маусымына дайындау және жаңа үйлерді ыстық сумен жабдықтауды құрылыс (мердігер) ұйымдары қамтамасыз етеді.

      23. Жылыту маусымына тұтынушылардың инженерлік желілерін дайындау бойынша ұйымдастыру іс-шаралар тізбесіне мыналар жатады:

      1) инженерлік желілерді пайдаланылуына жауапты тұлғаны тағайындау;

      2) инженерлік желілерді пайдалануына жауапты тұлғаларды дайындау: энергиямен жабдықтау ұйымдары өкілінің міндетті түрде қатысуымен, инженерлік желілерді техникалық пайдалану ережелерін, инженерлік желілерді пайдалану кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін оқыту және білімін тексеруді жүргізу;

      3) техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындау;

      4) бақылау-өлшеу құралдарын және коммерциялық есептеу құралдарының тексеруін өткізу;

      5) жертөле және шатыр жайларының шегінде барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларының жылу оқшаулауын орындау;

      6) кіреберістер мен жертөлелердің сыртқы есіктерін жөндеу;

      7) шатырлардың мен жертөлелердің терезелерін жабу;

      8) баспалдақ алаңындағы терезелердің қос шынылануын қалпына келтіру (бар болған жағдайда);

      9) әр қабаттағы жылуды қалпына келтіру және жұмыстарға қосу;

      10) тұрғындардың пәтерлерін жылу тығыздағышпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      11) жылу пунктінің үй-жайларын жөндеуден өткізу: ақтау, сырлау, қажетті жарықтандыруды және берік бекітілуін қамтамасыз ету;

      12) сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру;

      13) жылу пайдаланушы қондырғылардың орнатылған барлық тиекті, реттеуші арматуралардың тексеруден және жөндеуден өткізу;

      14) техникалық термометрлерді тексеру, кейіннен техникалық майды құя отырып гильзаны тазарту;

      15) реттеу іс-шараларын өткізу;

      16) пломбыланған, тексерілген монометрлерді орнату;

      17) жылуды тұтыну жүйесінің элементтерін механикалық тазарту арқылы гидропневматикалық жуу және жылуды тұтыну жүйесінің барлық элементтерінің механикалық беріктігін және жылуды тұтыну жүйесінің гидравликалық тығыздығын (гидравликалық қысым) гидравликалық сынақтан өткізу белгіленген үлгі бойынша акт жасалып, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;

      18) ғимараттардың (үйлердің) электр сымдарының оқшауларының кедергілерін тексеру;

      19) дроссельдік құрылғыларды орнату және тексеру нормативтік-техникалық құжаттамаға және алынған есептеулерге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;

      20) жертөледегі және шатырдағы жайлардағы барлық жылумен жабдықтау және ыстық су құбырларын гидрооқшаулауды орындау.

      24. Транзитпен инженерлі коммуникациялар өтетін жертөле үй-жайларын жалға алушы немесе иесі пайдаланушы ұйым қызметкерлерінің инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын орындау және қызмет көрсету үшін еркін қол жеткізуін (апатты-қалпына келтіру жұмыстарын өндіру үшін тәуліктің кез-келген уақытында) қамтамасыз етеді.

      25. Жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың қыс жағдайына дайындығы жылыту маусымы басталғанға дейін ресімделетін жылумен жабдықтаушы ұйымның объектілерінің әзірлігін тексеру актілері және үйлер мен үйіші жүйелерін көктемгі және күзгі тексеру нәтижесі бойынша ресімделген көп пәтерлі үйлерді тексеру актілері негізінде әзірлік паспорттарымен расталады.

      26. Жұмыстар орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйесін қабылдау жылумен жабдықтаушы ұйыммен жүзеге асырылады және техникалық дайындық актісімен рәсімделеді.

      Техникалық дайындық актісі бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылыту маусымына дайындалмады деп есептеледі және қайтадан техникалық тексеруден өтуге жатады.

      Жылумен жабдықтаушы ұйыммен объектінің техникалық дайындық актісі ресімделмесе, жылу тұтыну жүйесін қосуға жол берілмейді.

      27. Егер энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмаса, жылу энергиясын тұтынушыларын жылумен жабдықтау жүйелеріне қосуға жол берілмейді.

      Жылу энергиясын тұтынушы қасиеті және ұсыну режимі тұтынушымен жылыту маусымына дайындық және энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдармен берілген техникалық дайындық актісінің ресімделуі және сараптама ұйымының қорытындысын алу бойынша іс-шаралар кешенін орындау жағдайында, жоспарлы жөндеу, апатты – қалпына келтіру жұмыстары жағдайын қоспағанда қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамамен бекітілген талаптарға сәйкес келеді.

3. Жылумен жабдықтау жүйесін байқап көру

      28. Жылыту маусымының басталуына жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерінің дайындығын тексеру және жасырын ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру жүргізіледі.

      29. Жылу көздері қондырғыларын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу мына тәртіпте жүргізіледі:

      Жылу көздері мен ғимараттардың қондырғыларын қосу үшін:

      1) бірінші тәулікте:

      жылу көздерінде жылу жабдықтарының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта іске қосу және байқап көру, бактарды-аккумуляторларды

      мүмкіндігінше барынша толтыру, жылу желілерін сумен толтыру және берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату бойынша жұмыстар орындалады;

      үйішілік жүйелерде арматураның іске қосу деңгейінде орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, сенімді бақылау-өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөнінде жұмыстар жүргізіледі;

      2) екінші тәуліктен бастап кестеге сәйкес қатаң түрде ғимараттарды қосу жүргізіледі.

      30. Магистральді және таратушы жылу желілерін іске қосу және байқап көру іске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

      Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскесінің жабдықтарының жарамдылығы тексеріледі, сынау, шаю және қабылдау актілері қаралады.

      31. Байқап көру үрдісінде жылу желілері, жылумен жабдықтау көздері және тұтынушылар бойынша анықталған ескертулер жылыту маусымының басына дейін жойылады.

4. Жылу режимі

      32. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін, қалалар және аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жылумен жабдықтау жүйелерін сынау, қосу кестелерін және гидравликалық және температуралық параметрлерінің есептік кестелерін әзірлеу және келісілу ұсынылады. Жылу желілерінің құбырлары тұтынушыларға берілген кестеге сәйкес белгіленген параметрлерде жылу тасығышты-су және бу беруді қамтамасыз етеді.

      Қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталады:

      1) бала, емдік және мектеп мекемелері, басқа оқу орындары;

      2) тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар;

      3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар.

      Бір уақытта толтырылатын үйішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауыз сумен қамтылуын, су дайындау және сөндіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет.

      33. Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8°C және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болғанда қала мен аудан әкімдері тиісті өкіммен жылыту маусымының басталғандығын жариялайды.

      34. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтардың күйінін тексеруін және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін өткізеді.

      35. Пайдалану үрдісінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілері мен үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылыту маусымының басына дейін жойылады.

      36. Жылыту маусымы кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес мынаны қамтамасыз етеді:

      1) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді барлық тұтынушылар үшін тең жағдайларды ұсыну;

      2) жылу желілерінің баланстық тиесілігі бөлігінің шекарасында Шартпен белгіленген жылу энергиясының параметрлері қалпында ұстайды;

      3) тұтынушымен жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасасады;

      4) тұтынушыға Шарт талаптарымен анықталған тәртіпте және мерзімде тиісті сапада жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызметтерді көрсетеді.

      37. Жылыту маусымы жарияланғаннан кейін:

      1) хабарландыру сызбасы нақтыланады, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінің жауапты қызметкерлердің кезекшілігі белгіленеді;

      2) кәсіпорындарда апатты-қалпына келтіру бригадалары дайындыққа келтіріледі;

      3) ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерімен ғимараттың жылу тасығыш жүйесі жұмысының және тығыздап жылылаудың жай-күйін мезгіл-мезгіл тексеру және бақылау ұйымдастырылады;

      4) жылумен жабдықтау көздерінде резервтегі және апатты жабдықтардың жұмысы, негізгі және резервтегі отынының, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі.

      5) мамандандырылған ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған, жаңа үйлердің жылу желілерін, орталық жылу пункттерін, сорғы станцияларын, орталық жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылыту маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді;

      6) инженерлік коммуникацияларға барлық қажетті қосылулар тиісті жылдың 1 қазанына дейін орындалады. Жылыту маусымы кезеңінде инженерлік коммуникацияларға тесіп қосылуға жол берілмейді.

      38. Жылу көздерінде және жылу желілерінде апатты жағдай жарияланса:

      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешенінің объектілерінде тәулік бойы үздіксіз кезекшілік енгізіледі;

      2) қала мен аудан әкімдерінің өкімі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда апатты жағдайларда пайдалану үшін тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген көмекші апатты қалпына келтіру бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.

      39. Күшейтілген және есептеуден тыс режимдері кезіндегі ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымның қызметшілерінің қажетті іс-шаралары мен әрекеттері ұйымдардың тиісті әдістемелерінде көрсетіледі.

      Жылу желілері зақымдалған аймақта орналасқан инженерлік желілер мен коммуникациялардың меншік иелері, телефонхат алған кезде, жер жұмыстарын орындауды келісу үшін өз өкілдерінің бір сағаттың ішінде баруын қамтамасыз етеді.

5. Жылыту маусымының аяқталуы және жылуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

      40. Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8°C және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасы күрт көтерілуі туралы болжам болған кезде қала мен аудан әкімдері тиісті өкіммен жылыту маусымының аяқталғандығы туралы жариялайды.

      41. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді.

      42. Жылуаралық кезеңде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілерінің жабдықтары жұмысының бекітілген сызбасы бойынша, ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етеді. Теңгерімдік тиесілігі шекарасына берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норма талаптарына сай келеді. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерінде жылу желілерін, жабдықтарды жөндеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үйішілік жүйелерді дайындау үшін қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді.

      43. Жылу желілерін, жылу пункттерін және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді бір мезгілде 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен жабдықтаудың тоқтатылуына байланысты жөндеудің ұсынылатын мерзімі – 14 күнтізбелік күн.

      44. Осы Қағидалармен реттелмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алу қажет.

6. Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік

      45. Қағидаларды бұзғаны үшін қызмет берушілер мен тұтынушылардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады