Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 15.12.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі №592 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 2 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №358 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы"" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 178 "Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3080 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | Қ. Беков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет
және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Таубаев Алпысбай Бурханович
19 ақпан 2018 жыл.
"Қарақия аудандық кәсіпкерлік
және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Жұбаназаров Нұржан Өтепбергенұлы
19 ақпан 2018 жыл.
"Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Абилов Баймурат Кубейевич
19 ақпан 2018 жыл.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті
Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қарақия аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Есмурзаева Қолғанат Қазмолдақызы
19 ақпан 2018 жыл.
"Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті
Қарақия ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қалаубай Жангабыл Бекмолдаевич
19 ақпан 2018 жыл.
Қарақия ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 ақпандағы № 51 қаулысына қосымша |
Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 28.05.2018 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Сауда орындарының орналасқан жері | Сауда орындарының түрі | Сауда орындарының саны | Сауда орындарының көлемі (шаршы метр) | ||
Құрық ауылы | ||||||
1 | "Алишер" орталық базарының оңтүстік шығыс жағынан 10 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 7 | 140 | ||
2 | 3 шағын ауданы, "Дана" дүкенінің солтүстік жағынан 8 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 2 | 40 | ||
3 | 2 шағын ауданы, № 4 үйінің шығыс жағынан 8 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 3 | 60 | ||
4 | Алынып тасталды | |||||
5 | Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 119 шақырымының оңтүстік жағы | Автодүкендер немесе шатырлар | 3 | 60 | ||
Жетібай ауылы | ||||||
6 | орталық базардың оңтүстік батыс жағы | Автодүкендер немесе шатырлар | 5 | 100 | ||
7 | Әлиев шағын ауданы, "Сүйінқара" мешітінің оңтүстік жағынан 8 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 2 | 40 | ||
8 | Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Жетібай ауылдық мәдениет үйі" филиалы алдындағы ашық алаң | Автодүкендер немесе шатырлар | 5 | 100 | ||
Мұнайшы ауылы | ||||||
9 | Салтанат шағын ауданы, "Салтанат" мейрамханасының солтүстік-шығыс жағынан 10 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 7 | 140 | ||
10 | Ақтау – Жаңаөзен – Мұнайшы – Жетібай тас жолы қиылысында орналасқан "Гелиус" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанар-жағар май құю станциясына қарсы 30 метр қашықтықта | Автодүкендер немесе шатырлар | 3 | 60 | ||
Құланды ауылдық округі, Құланды ауылы | ||||||
11 | М.Өскінбайұлы көшесі, "Тұлпар" азық-түлік дүкені мен Қарақия ауданы әкімдігінің "Аружан" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аралығы | Автодүкендер немесе шатырлар | 6 | 120 | ||
Бостан ауылдық округі, Бостан ауылы | ||||||
12 | Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Бостан ауылдық мәдениет үйі" филиалының шығыс жағынан 8 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 5 | 100 | ||
Сенек ауылы | ||||||
13 | С.Мәтіков көшесі, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Сенек ауылдық мәдениет үйі" филиалының шығыс жағынан 8 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 5 | 100 | ||
14 | Ә.Темірханов көшесі, "Алтын-Нұр" азық-түлік дүкенінің шығыс жағынан 10 метр | Автодүкендер немесе шатырлар | 7 | 140 | ||
Болашақ ауылдық округі, Болашақ ауылы | ||||||
15 | Жаңаөзен –Түрікменстан тас жолының 203 шақырымының шығыс жағы | Автодүкендер немесе шатырлар | 30 | 600 | ||
16 | Жаңаөзен –Түрікменстан тас жолының 243 шақырымының батыс жағы | Автодүкендер немесе шатырлар | 30 | 600 |