Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 51 "Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдығы № 124 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 маусымда № 3626 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 255 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 15.12.2020 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 51 "Қарақия ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3538 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы кестенің 4 жолы алынып тасталсын.

      2. "Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы Қ. Беков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық кәсіпкерлік

      және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Жұбаназаров Нұржан Өтепбергенұлы

      28 мамыр 2018 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады