РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 6/46 "Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау Қағидасы туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3184 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Беришбаева) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Қонақбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г.Беришбаева
29 наурыз 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
А.Исатаева
29 наурыз 2018 жыл