"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 5 мамырдағы № 241 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5660 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Торғай" газетінде жарияланған);
2) 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 "Мәслихаттың 2015 жылғы 5 мамырдағы № 241 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6315 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Торғай" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кезекті сессия төрайымы | С. Тұрсынова |
Мәслихат хатшысы | Г. Елтебаева |
КЕЛІСІЛДІ
"Арқалық қаласы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Н. Ахметжанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігі мемлекеттік кірістер
комитетінің Қостанай облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаменті Арқалық қаласы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ М. Бейсенов