Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 241 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 5660 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2018 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 379, 381, 383–баптарына және 444-бабының 1-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 01.04.2016 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету жүзеге асырылсын:

      жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 1-қосымшаға сәйкес;

      елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) 2–қосымшаға сәйкес;

      елді мекендерден тыс орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері 50 пайызға көтерілсін.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Мәслихаттың 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 320 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-141 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 ақпанда "Торғай" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезектен тыс сессия
      төрағасы, Арқалық
      қалалық мәслихатының
      хатшысы Н. Шалдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Арқалық қаласы әкімдігінің жер
      қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________ А. Стюф
      5 мамыр 2015 жылғы
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігінің мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      мемлекеттік кірістер Департаментінің
      Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Б. Алмағамбетов
      5 мамыр 2015 жылғы

  Мәслихаттың
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 241 шешіміне 1-қосымша

Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық салық мөлшерлемеріне түзету

Реттік нөмірі

Өңiрдің нөмірі

Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері бар ауылдық елді мекендердің атауы

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары

1

I

Екідің ауылы
Жаңақала ауылы
Алуа ауылы

0
0
0

2

III

Қайыңды ауылдық округі

0

3

IV

Көктау ауылы
Матросов ауылы

+50

4

V

Аққошқар ауылы
Жалғызтал ауылы

+50

5

VII

Мирный ауылы
Целинный ауылы
Молодежный ауылы
Үштөбе ауылы

+50

6

IX

Ашутасты ауылы
Фурманов ауылы
Восточный ауылы
Аңғар ауылы

+50

  Мәслихаттың
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 241 шешіміне 2-қосымша

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер телімдерін қоспағанда) жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету

Реттік нөмірі

Елді мекендер атауы

Аймақтың нөмірі

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары

1

2

3

4

1

Арқалық қаласы



I

+50

II

+50

III

0

IV

+50

2

Ауылдық округтар, ауылдар:



3

Екідің ауылы
Қайыңды ауылдық округі
Қызылжұлдыз ауылы

II

0
0

4

Жаңақала ауылы
Қайыңды ауылдық округі
Қайыңды ауылы
Алуа ауылы

III

0
0
0

5

Молодежный ауылы
Жалғызтал ауылы
Целинный ауылы
Мирный ауылы

VIII

+50

6

Фурманов ауылы

IX

+50

7

Родина ауылы
Аңғар ауылы

X

+50

8

Ашутасты ауылы
Восточный ауылы

XI

+50

9

Аққошқар ауылы
Көктау ауылы
Үштөбе ауылы
Матросов ауылы

VII

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады