Мәслихаттың 2015 жылғы 5 мамырдағы № 241 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 12 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 мамырда № 6315 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 20.03.2018 № 166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 379, 381, 383–баптарына және 444-бабының 1-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 5 мамырдағы №241 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5660 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 379, 381, 383–баптарына және 444-бабының 1-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезектен тыс сессия төрағасы,
Арқалық қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Тасмағанбет

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _________________ А. Стюф

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігінің мемлекеттік

      кірістер комитеті Қостанай

      облысы бойынша мемлекеттік

      кірістер Департаментінің

      Арқалық қаласы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________ Б. Әлмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады