"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 143 "Алтынсарин ауданының Обаған және Щербаков ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7458 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"3. Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті 4, 5 және 6 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:";
көрсетілген шешімнің 4 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"4. Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің 2018 жылға арналған бюджетінде 28263,0 мың теңге көлемінде аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі қарастырылғаны ескерілсін.";
көрсетілген шешімнің 4, 5, 6 қосымшаларындағы "Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің бюджеті" сөздері "Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің бюджеті" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Оразбаева |
Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Есмұханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Е. Павлюк
2018 жылғы 18 маусым