Мәслихаттың 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 143 "Алтынсарин ауданының Обаған және Щербаков ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 181 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 7955 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 143 "Алтынсарин ауданының Обаған және Щербаков ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7458 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті 4, 5 және 6 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:";

      көрсетілген шешімнің 4 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің 2018 жылға арналған бюджетінде 28263,0 мың теңге көлемінде аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі қарастырылғаны ескерілсін.";

      көрсетілген шешімнің 4, 5, 6 қосымшаларындағы "Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің бюджеті" сөздері "Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округінің бюджеті" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оразбаева
      Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы Б. Есмұханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің

      экономика және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ Е. Павлюк

      2018 жылғы 18 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады