"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Жітіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Ибраев |
Әкімдіктің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 123 қаулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Жітіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері | Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
II дала аймағы | ||
Дәнді дақылдар | ||
1 | Жаздық бидай | 2018 жылғы 15 мамырдан бастап 02 маусымға дейін |
2 | Жаздық арпа | 2018 жылғы 15 мамырдан бастап 05 маусымға дейін |
3 | Сұлы | 2018 жылғы 15 мамырдан бастап 05 маусымға дейін |
4 | Күздік бидай | 2018 жылғы 25 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін |
5 | Тары | 2018 жылғы 20 мамырдан бастап 05 маусымға деін |
Майлы дақылдар | ||
1 | Күнбағыс | 2018 жылғы 05 мамырдан бастап 18 мамырға дейін |