"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2016 жылғы 10 қарашадағы № 70 "Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6724 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған);
2) 2017 жылғы 1 наурыздағы № 111 "Мәслихаттың 2016 жылғы 10 қарашадағы № 70 "Қарабалық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6968 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде "Айна" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрағасы | А. Бисенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________________ Б. Изенов