Ескерту. Шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "Глазунов" сөзі "Айсары" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің 19.12.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің 19.12.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қостанай ауданының Айсары ауылдық округінің Айсары ауылының келесі көшелері:
1) Комсомольская көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
2) Озерная көшесі Астана көшесіне;
3) Спортивная көшесі Достық көшесіне;
4) Орденоносная көшесі Бірлік көшесіне қайта аталсын.
2. "Қостанай ауданының Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айсары ауылдық округінің әкімі | Б. Нургазин |