Әкімнің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 6 "Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазунов ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 желтоқсанда № 8832 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 19 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 348 "Қостанай облысы Қостанай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8173 болып тіркелген) сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазунов ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" 2018 жылғы 24 тамыздағы № 6 шешіміне (2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "Глазунов" сөзі "Айсары" сөзімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "Глазуновка", "Глазуновского" сөздері "Айсары", "Айсаринского" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Қостанай ауданының Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айсары ауылдық округінің әкімі Б. Нургазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады