Ескерту. Тақырып жаңа редакция - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 11.11.2022 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 11.11.2022 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 69 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6374 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) алынып тасталды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 11.09.2020 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсіз.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 11.09.2020 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меңдіқара ауданының әкімі | Е. Теменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Меңдіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
____________ Қ. Арыков
2018 жылғы "25" маусым
Әкімдіктің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 қаулысына қосымша |
Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 11.11.2022 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
6) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы);
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның музыкалық бөлім меңгерушісі (басшысы);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
6) аккомпаниатор;
7) библиограф;
8) кітапханашы;
9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
11) музыкалық жетекші;
12) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
13) хореограф;
14) дыбыс режиссері;
15) барлық мамандық мұғалімдері;
16) режиссер;
17) хормейстер.