Әкімдіктің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 143 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 9448 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 қаулысына (2018 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының 3-тармағы 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Н. Катарбеков

  Әкімдіктің
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 143 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2018 жылғы 25 маусымдағы
№ 105 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық аурухананың басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (күндізгі стационардың, емхананың) бөлімше меңгерушісі;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) акушер;

      6) диеталық мейіргер;

      7) тіс дәрігері (дантист);

      8) мейіргер;

      9) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      10) зертханашы (медициналық);

      11) провизор (фармацевт);

      12) психолог маман;

      13) рентген зертханашысы;

      14) әлеуметтік қызметкер;

      15) фельдшер;

      16) медициналық тіркеуші.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

      3. Білім саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымынан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан) басқа;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;

      5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы - оқытушы;

      6) әлеуметтік педагог;

      7) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог - психологі;

      8) педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);

      9) логопед;

      10) психолог;

      11) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      12) тәлімгер;

      13) тәрбиелеуші;

      14) мейірбике (мейіргер);

      15) емдәмдік мейірбике;

      16) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      17) қосымша білім беретін педагог;

      18) жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің);

      19) хореограф (негізгі қызметтердің);

      20) аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің);

      21) концертмейстер (негізгі қызметтердің);

      22) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      23) интернаттың басшысы (меңгерушісі);

      24) кітапханашы;

      25) әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері.

      4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның музыкалық бөлім меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      5) аккомпаниатор;

      6) библиограф;

      7) кітапханашы;

      8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      10) музыкалық жетекші;

      11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      12) хореограф;

      13) дыбыс режиссері;

      14) қазақ, ағылшын тілдері мұғалімі;

      15) режиссер;

      16) хормейстер.

      5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) жаттықтырушы - оқытушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады