Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 17.03.2022 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарамеңді ауылы, М. Сүгірұлы көшесі, № 1 "А" үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңның бір шаршы метріне 52 (елу екі) теңге мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 134 "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4779 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымдағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | Т. Карбозов |