Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 134 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 маусымда № 4779 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 12.07.2018 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарамеңді ауылы, Мешітбай Сүгірұлы көшесі, № 1 "А" үй мекенжайы бойынша орналасқан он сегіз пәтерлі жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңның бір шаршы метріне 100 (жүз) теңге мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Исмаиловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Т. Даиров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады