Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 05.02.2021 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 120 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6496 тіркелген, 2016 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | Т. Карбозов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Науырзым аудандық
мәслихат хатшысы
________ Г. Әбенова
2018 жылғы "12" шілде
Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 19.04.2019 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.05.2020 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Денсаулық сақтау саласы мамандарының лауазымдары:
1) Аудандық аурухананың басшысы, аудандық емхананың басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) диеталық мейіргер;
6) тіс дәрігері (дантист);
7) мейірбике (мейіргер);
8) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
9) зертханашы (медициналық);
10) провизор (фармацевт);
11) психолог маман;
12) рентген зертханашысы;
13) әлеуметтік қызметкер;
14) фельдшер;
15) медициналық тіркеуші;
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
16) ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
17) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
18) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
19) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
20) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
21) психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
22) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
3. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
23) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымнан, әдістемелік кабинетінен (орталықтан) басқа;
24) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;
25) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;
26) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;
27) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
28) тәлімгер;
29) тәрбиелеуші;
30) әдіскер (негізгі қызметтердің), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;
31) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
32) қосымша білім беретін педагог;
33) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі; педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);
34) әлеуметтік педагог;
35) мейірбике (мейіргер);
36) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
37) кітапханашы;
4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
38) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
39) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
40) аккомпаниатор;
41) библиограф;
42) кітапханашы;
43) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
44) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
45) музыкалық жетекші;
46) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
47) хореограф;
48) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
5. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
49) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
50) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
51) медициналық бике/аға;
52) жаттықтырушы;
53) жаттықтырушы-оқытушы;
54) әдіскер;
6. Алынып тасталды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).