Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 05.02.2021 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Науырзым ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 12 шілдедегі № 83 қаулысына (2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8001 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіндегі:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Аудандық аурухананың басшысы, аудандық емхананың басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;".
3-тармақтың 33) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"33) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі; педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);".
2. "Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруың қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.