Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қарашада № 8123 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Таран аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 қазандағы № 01-20/525 ұсынысы негізінде Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі Павловка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7910 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлов ауылдық округінің әкімі М. Жортынбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Таран

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ А. Досмұхамбетов

      2018 жылғы "19" қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Таран аудандық

      қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ Б. Баймухаметов

      2018 жылғы "19" қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Таран ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ А. Леонович

      2018 жылғы "19" қараша

О снятии ограничительных мероприятий

Решение акима Павловского сельского округа Тарановского района Костанайской области от 19 ноября 2018 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 23 ноября 2018 года № 8123

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Тарановская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 19 октября 2018 года № 01-20/525 аким Павловского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории села Павловка Павловского сельского округа Тарановского района Костанайской области.

      2. Признать утратившим силу решение акима Павловского сельского округа от 22 июня 2018 года № 2 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7910, опубликовано 5 июля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Павловского сельского округа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Тарановского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Павловского сельского округа М. Жортынбаев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Тарановская районная

      территориальная инспекция

      Комитета ветеринарного контроля и

      надзора Министерства сельского

      хозяйства Республики Казахстан"

      ______________ А. Досмухамбетов

      "19" ноября 2018 год.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель республиканского

      государственного учреждения

      "Тарановское районное управление

      охраны общественного здоровья

      Департамента охраны

      общественного здоровья

      Костанайской области Комитета

      охраны общественного здоровья

      Министерства здравоохранения

      Республики Казахстан"

      _______________ Б. Баймухаметов

      "19" ноября 2018 год.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел ветеринарии

      акимата Тарановского района"

      _________________ А. Леонович

      "19" ноября 2018 год.