Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 маусымда № 7910 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Таран аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторының 2018 жылғы 4 маусымдағы № 01-20/291 ұсынысының негізінде Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі Павловка ауылының аумағында ірі қара малдарының бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.

      2. "Таран ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Таран аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Таран аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.

      3. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлов ауылдық округінің әкімі М. Жортынбаев

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Таран

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ А. Досмұхамбетов

      2018 жылғы 22 маусым

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Таран аудандық

      қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Б. Баймухаметов

      2018 жылғы 22 маусым

      "Таран ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ________________ А. Леонович

      2018 жылғы 22 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады