Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 177/22 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 наурызда № 5907 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 29/4

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 28.04.2023 № 29/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 404 бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Түсіпбеков
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 177/22 шешіміне
қосымша

Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және
қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер

№ р/н

Атауы

Есептік
бірлік

Бағасы
теңгемен/айына

1

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

261,16

2

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

267,86

3

Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф

1 м3

1607,14

4

Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф

1 м3

245,69


Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в городе Аксу (без учета утилизации и переработки)

Решение маслихата города Аксу Павлодарской области от 27 февраля 2018 года № 177/22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 марта 2018 года № 5907. Утратило силу решением Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 28 апреля 2023 года № 29/4

      Сноска. Утратило силу решением Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 28.04.2023 № 29/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 1 сентября 2016 года № 404 "Об утверждении Методики расчета тарифа на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов", Аксуский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить тарифы на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в городе Аксу (без учета утилизации и переработки) согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Аксуского городского маслихата по вопросам социальной политики, законности и правопорядка.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. Тусупбеков
      Секретарь городского маслихата М. Омаргалиев

  Приложение
к решению Аксуского
городского маслихата от 27
февраля 2018 года № 177/22

Тарифы на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых
отходов в городе Аксу (без учета утилизации и переработки)

№ п/п

Наименование

Расчетная единица

Цена, в тенге/месяц

1

Тариф на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов для жителей благоустроенных домовладений без учета налога на добавленную стоимость

1 житель

261,16

2

Тариф на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов для жителей неблагоустроенных домовладений без учета налога на добавленную стоимость

1 житель

267,86

3

Тариф на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов для юридических лиц без учета платы за эмиссии в окружающую среду, без учета налога на добавленную стоимость

1 м3

1607,14

4

Тариф на захоронение твердых бытовых отходов для юридических лиц без учета платы за эмиссии в окружающую среду, без учета налога на добавленную стоимость

1 м3

245,69