Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365- бабы 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу эдістемесін бекіту туралы" № 377 бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық ққалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы "Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы" № 177/22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5907 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |
Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 29/4 шешіміне қосымша |
Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | айына 1 тұрғыннан | 420 |
Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғыннан | 430,5 |
Бір бірлігіне (көлемі) жылдық тариф | 1 м3 | 2 583 |