Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.09.2021 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12936 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | Қ. Бозымбаев |
|
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі
1. Осы Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әр – ТҚҚ) жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге тарифтерді есептеуге арналады.
2. ТҚҚ жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеу және көмуге тарифтерді есептеу калькуляция баптары және экономикалық элементтер бойынша топтастырылған мамандандырылған ұйымдардың іс жүзіндегі шығыстарын көрсететін өзіндік құн арқылы жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметтің толық өзіндік құны (С) ТҚҚ жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеу және көму жұмыстарын орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде анықталады.
Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны жиналған,әкеткен, кәдеге жаратылған,қайта өңделген және көмілген ТҚҚ көлеміне/массасына толық өзіндік құнды бөлу жолымен анықталады.
ТҚҚ жинау және әкетумен айналысатын кәсіпорындар жұмыстарының негізгі көрсеткіштері осы Әдістемеге 1 - қосымшада көрсетілген.
ТҚҚ жинауға және әкетуге нормативтік шығыстарды есептеу кезінде арнайы машинаның 1 рейсіне жұмсалатын орташа шығындарын ескеру орынды.
Бір рейс деп ТҚҚ жинауды бірінші орыннан бастайтын және маршрутпен тасымалдаудың белгіленген технологиясы бойынша контейнерлік алаңдарды мамандандырылған машиналарды толық жүктегенге дейін айналып өткен соң және ТҚҚ көму орындарымен аяқтайтын арнайы машиналардың қозғалысының бірреттік жиынтық циклі түсіндіріледі.
ТҚҚ жинаудың, әкетудің, кәдеге жаратудың, қайта өңдеудің және көмудің толық өзіндік құнын есептеу кестесі осы Әдістемеге 2 қосымшада көрсетілген.
3. ТҚҚ жинау, әкету,кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтерді бойынша қызметтерді көрсететін мамандандырылған ұйымдардың әрқайсысы бөлек есептеледі және келесі формуламен анықталады:
ҚҚ = Ө + П,
мұндағы:
ҚҚ - арнайы ұйымдардың қаржы қаражатына деген қажеттілігі;
Ө - толық өзіндік құны (шығындар);
П - пайда.
Сонымен қатар, пайда – көрсетілген қызметтен (тауарлар сату, жұмыстарды) түскен түсім және өзіндік құнға енгізілетін өндіріс пен сатуға жұмсалған шығын арасындағы айырма:
P = Түсім - Шығын
4. ТҚҚ жинау, әкету,кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін қызмет көрсету көлемі ретінде келесі формуламен анықталады:
ҚҚжалпы = ҚҚжин + ҚҚәкету + ҚҚкәд.жар + ҚҚқайта өң + ҚҚкөму
Бір немесе бірнеше қызметтер болмаған жағдайда, 0 - мәні пайдаланылады.
5. Мамандандырылған ұйымдардың қызметі үшін жылдық тариф - ТҚҚ бірлігі үшін (көлем/массасы) төмендегідей есептеледі:
Т = ҚҚ/К,
мұндағы:
Т - арнайы ұйымдардың қызметі үшін жылдық тариф
К- шығарылған ТҚҚ көлемі/массасы.
ТҚҚ шығаруға бір тұрғынға шаққандағы айлық тариф келесі формуламен анықталады:
Та=ТхН
12
мұндағы:
Та - ТҚҚ шығаруға бір тұрғынға шаққандағы айлық тариф
Н - бір тұрғынға шаққандағы ТҚҚ жинақталуының жылдық нормасы.
бір тұрғынға шаққандағы ТҚҚ жинақталуының жылдық нормасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығмен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12936) Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын сәйкес есептеледі.
|
ТҚҚ жинау және әкету жөніндегі кәсіпорындар жұмыстарының негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Есептік кезең | Жоспарлық кезең | Ескертпе | |
жоспар | нақты | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Арнайы машина паркі, барлығы, соның ішінде машиналар маркасы бойынша | бірлік | ||||
2. | Маркасы бойынша арнайы машиналарды пайдаланумерзімі | жыл | ||||
3. | Ауысым ұзақтығы | сағат | ||||
4. | Машина паркін пайдалану коэффициенті, барлығы, соның ішінде машина маркалары бойынша | % | ||||
5. | ТҚҚ-мен жүргендер саны, барлығы, соның ішінде машина маркалары бойынша | бірлік | ||||
6. | 1 рейсте арнайы машинаға жүктелетін ТҚҚ саны, барлығы, соның ішінде машина маркалары бойынша | м3 | ||||
7. | Шығарылған ТҚҚ, барлығы, соның ішінде машина маркалары бойынша | м3 | ||||
8. | Машиналардың жүріп өтуі, барлығы, соның ішінде машина маркалары бойынша | км |
|
ТҚҚ жинаудың, әкетудің, кәдеге жаратудың, қайта өңдеудің және көмудің толық өзіндік құнын есептеу
1-кесте. ТҚҚ жинаудың және әкетудің толық өзіндік құны
№ | Көрсеткіштер | Есептік кезең | Шығындар мен өзіндік құны теңге/жыл | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ТҚҚ жинауға және шығаруға жұмсалатын шығындар, соның ішінде: | |||
Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Еңбек ақы төлеу қорынан аударымдар | ||||
Амортизация | ||||
Отынға жұмсалатын шығындар | ||||
Материалға жұмсалатын шығындар | ||||
Арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Цехтық шығыстар | ||||
2. | ТҚҚ жинаудың және әкетудің толық өзіндік құны |
2-кесте. ТҚҚ-ны кәдеге жаратудың толық өзіндік құны
№ р/с | Көрсеткіштер | Есептік кезең | Шығындар мен өзіндік құны теңге/жыл | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ТҚҚ жинауға және шығаруға жұмсалатын шығындар, соның ішінде: | |||
Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Еңбек ақы төлеу қорынан аударымдар | ||||
Амортизация | ||||
Энергияға жұмсалатын шығындар | ||||
Материалға жұмсалатын шығындар | ||||
Арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Цехтық шығыстар | ||||
2. | ТҚҚ-ны кәдеге жаратудың толық өзіндік құны |
3-кесте. ТҚҚ қайта өңдеудің толық өзіндік құны
№ | Көрсеткіштер | Есептік кезең | Шығындар мен өзіндік құны теңге/жыл | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ТҚҚ жинауға және шығаруға жұмсалатын шығындар, соның ішінде: | |||
Еңбек ақыны төлеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Еңбек ақы төлеу қорынан аударымдар | ||||
Амортизация | ||||
Энергияға жұмсалатын шығындар | ||||
Материалға жұмсалатын шығындар | ||||
Арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Цехтық шығыстар | ||||
2. | ТҚҚ қайта өңдеудің толық өзіндік құны |
4-кесте. ТҚҚ көмудің толық өзіндік құны
№ | Көрсеткіштер | Есептік кезең | Шығындар мен өзіндік құны теңге/жыл | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ТҚҚ жинауға және шығаруға жұмсалатын шығындар, соның ішінде: | |||
Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Еңбекақы төлеу қорынан аударымдар | ||||
Амортизация | ||||
Энергияға жұмсалатын шығындар | ||||
Материалға жұмсалатын шығындар | ||||
Арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар | ||||
Цехтық шығыстар | ||||
Қоршаған ортаға эмиссияға шығыстар | ||||
2. | ТҚҚ көмудің толық өзіндік құны |