Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылының "Ленина" көшесі "Қаныш Сәтбаев" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрт-Құдық ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Б. Тасимов |