Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 5890 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылының "Ленина" көшесі "Қаныш Сәтбаев" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрт-Құдық ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Тасимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады