Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Северный ауылдық округі әкімінің 19.04.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7)-тармақшасына сәйкес, Северный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Северный ауылдық округі Қараағаш ауылының Абай атындағы көшенің аумағында ірі қара малдарда трихофития ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Северный ауылдық | |
округінің әкімі | Ф. Қожахан |