Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Северный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың трихофития ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің Қараағаш ауылында Абай атындағы көшесіне аумақтарында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Северный ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 3 "Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің Қараағаш ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6093 болып тіркелген, 2018 жылдың 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Северный ауылдық округінің әкімі | Ф. Қожахан |