Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Качир ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 2-19/340 ұсынысы негізінде, Воскресенский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жануарлардың құтыру ауруы фактісі бойынша жүргізілген ветеринариялық-санитариялық іс-шараларына байланысты Тереңкөл ауданы Воскресенский ауылдық округі Березовка ауылының Озерная көшесінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Качир ауданы Воскресенский ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы "Качир ауданы Воскресенский ауылдық округі Березовка ауылының Озерная көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6002 тіркелген, 2018 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Воскресенский ауылдық | |
округінің әкімі | О. Жаркина |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Тереңкөл ауданының ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Т. Анапиянов |
2018 жылғы "10" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Тереңкөл аудандық | |
аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | С. Сәрсенов |
2018 жылғы "10" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрлігінің | |
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті | |
Павлодар облысы | |
Қоғамдық денсаулық сақтау | |
департаментінің Тереңкөл ауданының | |
қоғамдық денсаулық сақтау | |
басқармасы" республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің міндетін атқарушы | А. Липокурова |
2018 жылғы "10" желтоқсан |