Качир ауданы Воскресенский ауылдық округі Березовка ауылының Озерная көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир ауданы Воскресенский ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 маусымда № 6002 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Воскресенский ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Воскресенский ауылдық округі әкімінің 10.12.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Качир ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 2-19/121 ұсынымхаты негізінде, Воскресенский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Воскресенский ауылдық округі Березовка ауылының Озерная көшесінде жануарлардың құтыру ауруы фактісі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің "Қашыр аудандық аумақтық ветеринарлық бақылау комитетінің тексеру және қадағалау" мемлекеттік мекемелері (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Качиры аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық саулыққа қол жеткізу үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Воскресенский ауылдық
      округінің әкімі О. Жаркина
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Качир ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Т. Анапиянов
      2018 жылғы "19" маусым
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Качир
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Сәрсенов
      2018 жылғы "19" маусым
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      комитеті Павлодар облысы
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің Качиры аудандық
      қоғамдық денсаулық сақтау
      басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің
      міндетін атқарушы А. Липокурова
      2018 жылғы "19" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады