Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Павлодар ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 25/138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау индустриялды-инновациялық даму, экономикалық саясат және экология жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ә. Қалышбеков |
Мәслихат хатшысы | А. Шайхимов |