Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Павлодар ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 25/138 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 36/192 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте № 6050 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы "Павлодар ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 25/138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау индустриялды-инновациялық даму, экономикалық саясат және экология жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ә. Қалышбеков
      Мәслихат хатшысы А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады