Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында "Апта айнасы" және "Сельские будни" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8) тармақшасы "атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алатындар санынан кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, аз қамтамасыз етілген көп балалы аналар" жаңа редакцияда баяндалсын;
10) тармақшасының төртінші абзацы "облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шамадан алпыс пайыздан төмен кірістері бар, аз қамтамасыз етілген отбасылар" жаңа редакцияда баяндалсын;
10) тармақшасында бірінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
9 тармақтағы 2) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Елгонденов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |