Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 138/31 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 ақпанда № 3706 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Смағұлова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 138/31 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалары жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 297/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының Успен аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі;

      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 06 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңында (әрі қарай - Заң) және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Халықаралық әйелдер күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 1 қазан - Қарттар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      4) еңбек ардагерлері, атап айтқанда:

      4-1) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      4-2) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      5) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар Заңның 8-бабында айқындалған, атап айтқанда:

      5-1) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;

      5-2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      6) зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және жасы үлкен зейнеткерлер;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      7-1) жалғыз басты және жалғыз тұратын 3 топтағы мүгедектер;

      7-2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7-3) 1, 2 топтағы мүгедектер;

      7-4) кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;

      7-5) 3 топтағы мүгедектер;

      7-6) санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаж 1 топтағы мүгедектер;

      7-7) гемодиалезге мұқтаж 1 топтағы мүгедектер;

      7-8) балалар церебральды сал ауруымен, парезбен, гидроцефалиямен, бастапқы иммун тапшылығымен және аутизммен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар;

      8) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;

      9) аз қамтылған азаматтар, атап айтқанда:

      9-1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;

      9-2) өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, атап айтқанда 1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат, өрт немесе табиғи апат;

      9-3) табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің алпыс пайызынан төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      9-4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

      9-5) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, жасанды тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар;

      9-6) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімі бар жүкті әйелдер;

      9-7) 18 жасқа дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар;

      10) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      10-1) онкологиялық ауруына шалдыққан тұлғалар;

      10-2) туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;

      10-3) адамның иммундық тапшылығы вирусына шалдыққан тұлғалар.

      8. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көмек көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Халықаралық әйелдер күніне орай, 7-тармақтың 9-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      1-2) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне, 7-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      1-3) Қарттар күніне, 7-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санат үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      1-4) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай, 7-тармақтың 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, атап айтқанда:

      тұрғын үйді жөндеуге, нақты шығындар бойынша, 300 000 (үш жүз мың) теңге – жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың көшірмесін қоса берумен өтініш негізінде;

      қатты отын сатып алуға 5,2 (бес бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2-2) 7-тармақтың 7-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 5 (бес) АЕК мөлшерінде (сауықтыруға) - екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері негізінде;

      2-3) 7-тармақтың 10-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 10 (он) АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, ауруды растайтын анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі негізінде;

      2-4) 7-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 7 (жеті) АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген "Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Успен ауданының туберкулезге қарсы кабинеті (бұдан әрі – тубкабинет) ұсынған тізім негізінде;

      2-5) 7-тармақтың 10-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 7 (жеті) АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізім негізінде;

      2-6) 7-тармақтың 7-2), 7-3), 7-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - 7 (жеті) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2-7) 7-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін (өрт немесе табиғи апат кезінде) 60 (алпыс) АЕК дейінгі мөлшерінде әлеуметтік көмек (арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      2-8) 7-тармақтың 7-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін 40 (қырық) АЕК мөлшерінде (алып жүретін тұлғаның жолақысына, тұруына және тамақтануына) - өтініш, өтініш берушінің және алып жүретін тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, тиісті медициналық мекемеден санаторлық-курорттық сауықтыруды қажет ететін 1 топ мүгедектігі туралы анықтама, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде;

      2-9) 7-тармақтың 7-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (әлеуметтік бейімделуге және оңалтуға) - өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, тиісті медициналық мекемеден баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі негізінде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (тұрғын үй көмегін алушыларды қоспағанда) өтеуге 7-тармақтың 2), 3), 4-1), 5-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      3-2) 7-тармақтың 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (тұрғын үй көмегін алушыларды қоспағанда) өтеуге 2 (екі) АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      3-3) 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 2 (екі) АЕК мөлшерінде - облыстық орталыққа дейін және кері қайту жолақысына әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      4-1) 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 1 (бір) АЕК мөлшерінде - дәрі-дәрмек сатып алуға әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      4-2) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 5 (бес) АЕК мөлшерінде, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      4-3) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 7-тармақтың 5-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 10 (он) АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      4-4) 7-тармақтың 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 15 (он бес) АЕК мөлшерінде - амбулаторлық емдеу кезеңінде тамақтануға, екінші деңгейдегі банктердегі, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген тубкабинеттің тізімі негізінде;

      4-5) 7-тармақтың 7-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, жол жүру шығындарын өтеуге, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлікте жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, емделуге немесе тексерілуге жолдама негізінде жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде материалдық көмек;

      4-6) 7-тармақтың 7-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін, жол жүру шығындарын өтеуге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде (жол жүруге) - өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, тиісті медициналық мекемеден 1 топтағы мүгедектігі туралы анықтама, медициналық мекеменің гемодиализден өткені туралы анықтамасы негізінде.

      9. Уәкілетті орган табысты есепке алып көмек көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) 7-тармақтың 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін жан басына шаққандағы орташа табысы Павлодар облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын (1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат) - 15 (он бес) АЕК дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек (арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      1-2) 7-тармақтың 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек - екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, босату туралы анықтама негізінде;

      1-3) 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін (облыс әкімі грантының иегерлері болып табылатындарға) оқудың нақты бағасы мөлшерінде жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге әлеуметтік көмек, өтініш және қала (аудан) әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;

      1-4) 7-тармақтың 9-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек - жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жүктілікті растайтын құжат, табыстары туралы мәліметтер негізінде;

      1-5) 7-тармақтың 9-3), 9-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, қатты отын сатып алуға 14 (он төрт) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, табыстары туралы мәліметтер, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі негізінде;

      1-6) 7-тармақтың 9-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін, тұншықтырғыш газ датчиктерін орнатуға 3 (үш) АЕК мөлшерінде - жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, табыстары туралы мәліметтер негізінде;

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      2-1) 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін, оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұратын жеріне дейінгі жолақысына 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек, өтініш және қала (аудан) әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;

      2-2) 7-тармақтың 9-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек - жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке шотының нөмірі көрсетілген, әлеуметтік көмек тағайындау туралы ата-анасының біреуінің өтініші, баланы жасанды тамақтандыру қажеттілігін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, табыстары туралы мәліметтер негізінде.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші (отбасы) өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді;

      3) өтініш берушінің (оның отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты ұсынады.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) құжаттарын материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге (отбасыға) тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің (отбасының) қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17, 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден (отбасыдан) немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның, оның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) өтініш берушінің (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен асып кеткен жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады