"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Аққайың ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 16-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 4504 болып тіркелді, 2018 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
""Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының ХХ сессиясының төрағасы |
Р. Исин |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы |
С. Мұқанов |