"Аққайың ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 16-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 20-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 маусымда № 4756 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Аққайың ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 16-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 4504 болып тіркелді, 2018 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      ""Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
ХХ сессиясының төрағасы
Р. Исин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
хатшысы
С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады