Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2020 № 6-47-17 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4147 тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – коммерциялық емес акционерлік қоғамы уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Айыртау аудандық | |
маслихатының XVII | |
сессиясының төрағасы | А. Бәйтенов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Айыртау аудандық | |
маслихатының хатшысы | Б.Жанахметов |
КЕЛІСІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
____________________ Қ.Ақсақалов
2018 жылғы 9 наурыз