"Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 сәуірде № 4147 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6- 47-17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2020 № 6-47-17 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Күшін жойды деп танылсын:

      1) "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 5-22-1 шешімі (2014 жылғы 6 наурызда "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2570 тіркелген).

      2) "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" Айыртау ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 5-22-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының шешімі (2016 жылғы 10 қарашада "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 тіркелген).

      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
маслихатының
IX сессиясының төрайымы
И.Бурковская
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
маслихатының хатшысы
Б.Жанахметов
      КЕЛІСІЛДІ
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Қ.Ақсақалов
      2017 жылғы 6 сәуір

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне қосымша

Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемелекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарастыру бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 6-17-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2019 № 6-35-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалардың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігімен берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек деп түсініледі.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы кағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 23.10.2019 № 6-35-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметтерін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігімен белгіленеді және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келтірілуі немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      8. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатымен бекітіледі.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатымен бекітілген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 2-қосымшаның 1)-13) -тармақшаларында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 1,5 шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.

      11. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидалардың 2-қосымшаның 14)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.

      12. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 2-қосымшаның 15)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, ұсынылған шот-фактураға сәйкес құн мөлшерінде (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір рет көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 2-қосымшаның 16)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде, жылына бір рет көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 2-қосымшаның 17-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын көрсетіледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 27.02.2020 № 6-39-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 27.02.2020 № 6-39-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күннің ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды ауылдық округтің әкіміне жібереді.

      Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарастыруына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      24. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан;

      27. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектің тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне 1 қосымша

Атаулы күндермен, мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 23.10.2019 № 6-35-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 27.02.2020 № 6-39-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 05.05.2020 № 6-42-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

р/б №

Атаулы күндердің, мереке күндерінің және әлеуметтік көмек алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

6

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қиымлдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш

2

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электрстанциясындағы апатты еске алу күні"

1

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радияциялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық септік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

1

Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – Жеңіс күні

1

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

2

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

3

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

4

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

5

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері),сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері).

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз) мың теңге

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссриаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік РеспубликаларОдағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың опертивтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

7

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер,сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

8

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс) мың теңге

9

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз) мың теңге

10

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен медальдармен марапатталмаған адамдар.

2020 жылдың 9 маусымына 30000 (отыз) мың теңге

11

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

12

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз) мың теңге

13

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 1000000 (бір) миллион теңге

14

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңдме Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруға кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс) мың теңге

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары.

Жылына 1 рет – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге дерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағының Iшкi iстер халық комиссариаты-Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi-Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) "Құрметті азаматтары".

Жылына 1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш

 
  Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 28.12.2018 № 6-26-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      2) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;

      3) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;

      5) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;

      6) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      7) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      8) дене және (немесе) ақыл-ес мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;

      9) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;

      10) жетiмдiк;

      11) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      12) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      13) пробация қызметінің есебінде тұруы;

      14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

      15) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5,6,7,8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдардың бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеуге мұқтаждығы; 

      16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5,6,7,8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектердің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілгендердің, 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектердің Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы.

      17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5,6,7,8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдардың коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

  Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі ____

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________________      ______________________________

      (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)       (үйінің мекенжайы, тел.)

р/б №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы














      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты _____________________

                              (қолы)

  Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ж. "___" _______ ________________________________________
(елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты ____________________________

      2. Тұратын мекенжайы _________________________________________
_________________________________________________________________

      3. Өмірдегі қиын жағдайлардың болуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке жүгінді ____________________________________ _____

      _____________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) _______ адам, оның ішінде:

р/б

тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіби даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдайы


















































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.

      Балалардың саны: _______жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына _______________ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек):

      _______________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      _________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

р/б №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына





































      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________________________________________________________________

      _________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      _________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Балалардың оқу құралдарымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі _____________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдай

      _________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:_______________________ ________________________

                               _______________________ ________________________

                               ______________________ ________________________
                              (қолдары)                   (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: __________________________________________

                              Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

     

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты және қолы, күні

       _________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде _____________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасына) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" _______ қабылданды _________________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады