Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 6-17-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 сәуірде № 4625 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6- 47-17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2020 № 6-47-17 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4147 тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – коммерциялық емес акционерлік қоғамы уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      маслихатының XVII
      сессиясының төрағасы А. Бәйтенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Айыртау аудандық
      маслихатының хатшысы Б.Жанахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ____________________ Қ.Ақсақалов

      2018 жылғы 9 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады