"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 3-тармағына, 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайларды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3599 болып тіркелді, 2016 жылғы 08 ақпандағы "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімі |
Б. Жұмабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының
сайлау комиссиясының төрағасы
_______________ Н. Барақаев
2018 жылғы "20" наурыз