"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайларды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 7 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 85 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 4627 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 3-тармағына, 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайларды ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3599 болып тіркелді, 2016 жылғы 08 ақпандағы "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының әкімі
Б. Жұмабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының

      сайлау комиссиясының төрағасы

      _______________ Н. Барақаев

      2018 жылғы "20" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады