Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 маусымда № 4755 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің (әрі қарай -Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 19.05.2020 № 50/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 12.07.2022 № 21/238 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мəслихатының 19.05.2020 № 50/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Кодекстiң 505, және 506-баптарымен белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын.

      Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509 бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 4/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 3 тармақты қоспағанда, алғашқы рет ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрағасы
Қ.Әбілғазин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А.Бектасова

О повышении ставок земельного налога по Есильскому району

Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 31 мая 2018 года № 29/154. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 июня 2018 года № 4755.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509, пунктом 1 статьи 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее-Кодекс), маслихат Есильского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 19.05.2020 № 50/323 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      1. Исключен решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 12.07.2022 № 21/238 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      2. Исключен решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 19.05.2020 № 50/323 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      3. Повысить ставки земельного налога по Есильскому району на пятьдесят процентов от базовых ставок земельного налога, установленных статьями 505 и 506 Кодекса.

      Положения настоящего пункта не распространяются на земельные участки, указанные в статье 509 Кодекса.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 31.03.2021 № 4/27 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования за исключением пункта 3, который вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Председатель сессии
маслихата Есильского района
Северо-Казахстанской области
К.Абулгазин
      Секретарь маслихата
Есильского района
Северо-Казахстанской области
А.Бектасова